Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматыда құбыр желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы жылу желілері" ЖШС-нің мәліметінше, 5 шілде күні сағат 23:00-ден бастап 6 шілде күні сағат 08:00-ге дейін автокөлік қозғалысы Ахрименко көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейінгі аралықта екі бағытта шектеледі.
"Уақытша шектеулер 1983 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыр желісінің учаскесінде жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында енгізілуде", – деп түсіндірді ЖШС өкілдері.
Бұған дейін Алматыда азық-түлікті қашан және қайдан тиімді бағамен сатып алуға болатынын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
