Алматыда Райымбек даңғылының кейбір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Ремонт дорог, ремонт дороги, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 12:52 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматыда жылу желілерін жөндеу себебімен Райымбек даңғылының учаскесі бір түнге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының Алмалы ауданында 1994 жылы пайдалануға енгізілген құбыржолды жөндеу себебімен Райымбек даңғылының бойымен қозғалыс уақытша шектеледі.

13 маусым сағат 23:00-ден бастап 14 маусым сағат 08:00-ге дейін Райымбек даңғылы бойымен Н. Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін шығыс бағытында автокөліктер қозғалысы жартылай шектеледі. Батыс бағытына қарай қозғалыс ашық қалдырылады.

Уақытша шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындық аясында, магистральді құбыр желісінің жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Айта кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз! "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: