Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігінде екі күнге көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігінде екі күнге көлік қозғалысы шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2024 17:53 Сурет: Zakon.kz
Алматының Медеу ауданында жылу желілерін жөндеу үшін әл-Фараби даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"6 тамыз сағат 08:00-ден 7 тамыз сағат 21:00-ге дейін Медеу ауданы әл-Фараби даңғылының Меңдіқұлов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде жылу желілерін жөндеу үшін көлік қозғалысы шығыс бағытта ішінара шектеледі". Алматы әкімдігі

Көлік қозғалысы батыс бағытта ашық болады. 

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Уақытша шектеулер аталған көше бөлігінің көлік жүретін жол бөлігінің астынан өтетін жылу құбырын алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: