Алматыда екі көшенің бойында көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда екі көшенің бойында көлік қозғалысы шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 18:06 Сурет: freepik
Алматының Бостандық ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін екі көшенің бойы көлік қозғалысы үшін жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының Бостандық ауданында автокөлік қозғалысы жабылады:

  • 21 маусымда сағат 22.00-ден 22 маусымдағы сағат 12.00-ге дейін Сәтбаев көшесінің бойымен Масанчи көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
  • 21 маусымда сағат 22.00-ден 23 маусымдағы сағат 12.00-ге дейін Наурызбай батыр көшесінің бойымен Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін.


"Уақытша шектеулер аталған көше учаскелерінің жол бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде гидравликалық сынақтар кезінде анықталған ақауларды жою үшін жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілмек. Кешірім өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз"."Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: