Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Алматы қаласының Түрксіб ауданында 8 тамыздағы сағат 23:00-ден 19 тамыздағы 12:00 аралығында Павлодар көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен бастап Павлодар көшесіндегі №136 үйге дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі. Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.
Уақытша шектеулер 1981 жылдан бері пайдаланылып келел жатқан, Павлодар көшесіндегі жол бөлігінің астынан өтетін ұзындығы 2135 метрлік құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек.
Бұл құбыр 344 көппәтерлі тұрғын үйді, 11 білім беру нысанын, 3 денсаулық сақтау нысанын және 483 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді .Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде орналастырылған.
"Ғафу өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС