Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының басты даңғылдарының бірі жөндеуге жабылады

Алматының Әуезов ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Абай даңғылы бойындағы учаскелердің бірінде автокөлік қозғалысы уақытша жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 14:59 Сурет: Zakon.kz
Алматының Әуезов ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Абай даңғылы бойындағы учаскелердің бірінде автокөлік қозғалысы уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 шілдедегі сағат 22:00-ден 26 шілдедегі сағат 08:00-ге дейін Алматының Әуезов ауданындағы Абай даңғылы бойында, Алтынсарин көшесінен "Сарыарқа" метро станциясына (Family саябағы) дейінгі ауқымда, батыс бағытта автокөлік қозғалысы жабылады.

Шығыс бағытта көлік қозғалысы ашық болады.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыржол учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде орналастырылған.

Ғафу өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Алматының Әуезов ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Абай даңғылы бойындағы учаскелердің бірінде автокөлік қозғалысы уақытша жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 14:59

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: