Алматыдағы Манас көшесінің бойымен жүруге тыйым салынады

Алматыдағы Манас көшесінің бойымен жүруге тыйым салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2024 15:56 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының Алмалы ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Манас көшесіндегі учаскелердің бірінде жол жүру уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Манас көшесіндегі учаскелердің бірінде екі күнге жол жабылады

17 шілдеде сағат 09.00-ден 19 шілде күні сағат 09.00-ге дейін Алмалы ауданындағы көлік қозғалысы Манас көшесімен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін жабылады.

Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасы мен сайтта орналастырылған, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, "2GIS" пен "Яндекс карталар" сервистерінде бар.

Кешірім сұрай отырып, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. "Алматы жылу желілері" ЖШС
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: