Алматыда жылу желілерін жөндеу үшін бірден бірнеше көше жабылады

Алматыда жылу желілерін жөндеу үшін бірден бірнеше көше жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2024 16:40 Сурет: Zakon.kz
Алматының Алмалы ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмысын жүргізу үшін бірнеше көше бойында жол жүру уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автокөлік қозғалысына шектеулер енгізіледі:

  • 16 шілдеде сағат 9.00-ден 17 шілде сағат 19.00-ге дейін Қарасай батыр көшесі бойымен А.Шәріпов көшесінен Қожамқұлов көшесіне дейін қозғалыс жабылады;
  • 17 шілдеде сағат 9-дан 18 шілдеде сағат 16.00-ге дейін Наурызбай батыр көшесімен Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін бір жолақпен қозғалыс шектеледі. Қалған үш жолақ бойынша жол ашық болады.

Қала әкімдігі жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілетінін атап өтті.

"Кешірім сұрай отырып, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз". "Алматы жылу жүйесі" ЖШС

Ал, Астанада ағымдағы жылдың 15 шілде сағат 07:00-ден 16 шілде сағат 07:00-ге дейін ММ Н. Тлендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейінгі Келешек тұйық көшесі толығымен жабылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: