Алматыда күзге дейін бірнеше көше жабылады

Алматыда жылу желілерін қайта құрылымдау кезінде бірнеше көше арқылы өтетін жол жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарлауынша, 10 мамырдан 30 тамызға дейін Алматыда жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты бірнеше көше бойынша автомотокөліктердің қозғалысы шектеледі.
- Медеу ауданында Қазыбек би көшесімен (Уәлиханов көшесінен Абдуллиндер көшесіне дейін) өтетін жол жабылады;
- Бостандық ауданында қозғалыс Ганди көшесімен ("Нұрсұлтан Назарбаев қоры" ЖҚ-дан Батыс Желтоқсан көшесіне дейін) тоқтатылады.
"Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тұрғындарға қолайлы жағдайларды сақтау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схемалар бойынша беріледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді аналып жүру жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз". "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript