Алматыда үш көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

riastrela.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2021 23:25 riastrela.ru
Уақытша шектеулер аталған көше жолының астынан өтетін жылу желілеріндегі шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізілді.

Алматыда үш көшеде ішінара көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды zakon.kz.

25 маусымда 22:00-ден 26 маусымда 9:00-ге дейін (жұмадан сенбіге дейін) Бостандық ауданында Сәтпаев көшесі бойында Байтұрсынов көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы аралықта, сонымен қатар Жетісу ауданында Райымбек даңғылының бойында батыс бағытта Казаков көшесінің алдында.көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

27 маусымда 22:00-ден 28 маусымда 10:00-ге дейін (жексенбіден дүйсенбіге дейін) Бостандық ауданында Сәтбаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында ішінара көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі.

Ал 28 маусымда (дүйсенбіде) 9:00-ден бастап 1 шілдеде 9:00-ге дейін Әуезов ауданында Момышұлы көшесі бойында Елемесов пен Марғұлан көшелері аралығында оңтүстік бағытта көліктер үшін жол жабық болады.

Уақытша шектеулер аталған көше жолының астынан өтетін жылу желілеріндегі шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізілді, - деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: