11–12 қазанда Алматыда Левитан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Zakon.kz
Алматыда құрылыс жұмыстарына байланысты Левитан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Almaty_Joly Telegram-арнасының мәліметінше, шектеу 11 қазан сағат 06:00-ден 12 қазан сағат 23:00-ге дейін күшінде болады.
Бұл кезеңде Розыбакиев көшесінен Серкебаев даңғылына дейінгі аралықта орналасқан учаскеде қозғалыс тоқтатылады. Жолды жабу себебі — салынып жатқан емхананың аумағында сыртқы сумен жабдықтау желілерін тарту жұмыстарының жүргізілуі.
Қала билігі жол жөндеу аймағында жаяу жүргіншілерге қауіпсіз өту жолы қамтамасыз етілетінін және ескерту белгілері орнатылатынын хабарлады.
Көлік жүргізушілеріне баламалы бағыттарды алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін 2–26 қазан аралығында Алматыда тағы екі көшенің кей бөліктері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатыны туралы хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript