Шымкент тұрғыны дүкен маңында айтқан балағат сөзі үшін айыппұл төлейтін болды

Шымкент тұрғыны дүкен маңында айтқан балағат сөзі үшін айыппұл төлейтін болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 22:17 Сурет: Zakon.kz
Шымкент тұрғыны қоғамдық орында балағат сөз айтып, адамды қорлағаны үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 27 маусымда жергілікті тұрғын дүкеннің қасында бейтаныс адамды балағаттап, оған қарсы тұрпайы сөздер айтқан.

Осы арқылы ол айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

«Құқықбұзушының кінәсі іс материалдарымен, өзінің түсініктемесімен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен және іс бойынша жиналған өзге де дәлелдермен толық дәлелденді. Жауапкершілікті жеңілдететін жағдайлар – кінәсін мойындауы мен өкінуі, ал ауырлататын жағдайлар анықталмағанын ескере отырып, сот тұрғынды ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 20 АЕК көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салды», - деп хабарлады сот.

Аталған сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: