Ішімдіккке сылқия тойып, әуе компания қызметкерлерге балағат сөз айтқан жолаушы жазаланды

Ішімдіккке сылқия тойып, қызметкерлерге балағат сөздер айтқан жолаушы жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 17:17 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін әуе рейсінен түсірілді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтөбе-Шымкент бағытындағы әуе кемесі командирінің актісіне сәйкес, 48 жастағы Түркістан облысының тұрғынын рейстен түсірді.

Полиция қызметкерлері тексеру кезінде ішімдіккке сылқия тойған азаматтың өзін дөрекі ұстап, экипаждың талаптарын орындамағанын, әуе компания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқанын анықтады. Тіпті, полиция бөлмесіне жеткізу кезінде  ол билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, қасақана қарсылық танытқан.

"Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бірдей бабымен яғни, қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - делінген хабарламада.

Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: