Шымкент әкімі орынбасарына жасалған қастандық: үкім жарияланды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2025 13:25 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылғы 20 тамызда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті өлтіруге қастандық жасау туралы іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталушы Ернар Жиембай ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі арқылы 99-бабының 1-бөлігімен айыпталды ("қылмысқа дайындық және қылмысқа оқталу" – "кісі өлтіру").

Сотта анықталғаны: 2025 жылдың 21 сәуірінде Жиембай "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-нің (әкімге қарасты) директоры бола тұра, алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде болып, туындаған бас араздық салдарынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденовті қасақана өлтіруге оқталып, оған аңшы мылтығынан 5 рет оқ атқан.

"Алайда сотталушыда оқ дәрілері таусылып, жәбірленуші оған қарсылық көрсетіп және оған көмекке қасында болған адамдар келуіне байланысты, Жиембай өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмаған",- делінген ақпаратта.

Сотталушының кінәсі мойындауымен, жәбірленушінің және куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, бейнежазбалармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді. Ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін ішінара мойындайтындығы, оған шын көңілден өкінетіндігі, бұрын сотты болмағандығы, асырауында 2 жас баласы бары танылды, ал ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмысты алкогольден масаң күйінде жасағаны анықталды.

"Осыған байланысты, сот Жиембайды ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі арқылы 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады",- деп қорытындылады сот.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: