Шымкент әкімінің орынбасарына жасалған қастандық бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді

Шымкент әкімінің орынбасарына жасалған қастандық ісі бойынша сотқа жіберілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 22:05 Сурет: facebook/Руслан Берденов
Шымкент мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиенбайға қатысты қылмыстық іс түсті. Бұл туралы 22 шілдеде Zakon.kz-ке соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Нақтылай кетсек, Жиенбай ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айыпталып отыр — 24-баптың 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 99-баптың 1-бөлігі ("Адам өлтіру").

Алдын ала тыңдау 28 шілде күні сағат 10:00-ге белгіленген.

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл 2025 жылдың 21 сәуірінде қала әкімдігі ғимаратының маңында болған. Оған бірнеше рет оқ атылып, жараланған. Кейін шенеунік ауруханаға жеткізіліп, жедел ота жасалды. 23 сәуірде Шымкент әкімдігі оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме таратты. Ал 29 сәуірде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әкім орынбасарының жағдайы тұрақты екенін айтып, оның өздігінен жүріп-тұратынын, бірақ әлі де дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: