Шымкент әкімінің орынбасары Исахов екі айға қамауға алынды
Сурет: gov.kz
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы 26 шілде күні Zakon.kz-ке қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
"Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті Исахов Мақсұт Пернебайұлына қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 20 шілдесі сағат 01.07-ден 2023 жылдың 20 қыркүйегі сағат 01:07-ге дейін кепіл сомасын анықтаусыз ұзартты", - деп нақтылады Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сай ашық жарияланбайтынын ескертті.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов 20 шілде күні ұсталды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды.
Мақсұт Исахов 2020 жылдың ақпан айынан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript