26 тамызда Қазақстанның жеті өңірінде аптап ыстық болады
Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қазақстанда алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 26 тамызда, ауа райы ыстық әрі жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша мына өңірлерде күндіз аптап ыстық болады:
- Ақтөбе және Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Алматы, Атырау, Ұлытау, Жетісу облыстарында +35…+37°С дейін;
- Маңғыстау облысында +38°С дейін.
"Батыстан келген антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Батыста, шығыста, оңтүстікте жел күшейеді, батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең – тұман күтіледі", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Сонымен қатар өрт қаупінің жоғары деңгейі болжанады:
- Жоғары өрт қаупі – Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының оңтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының орталығы мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында, Қостанай облысының батысында, Абай облысының батысы, оңтүстігі және орталығында;
- Аса жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Қостанай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript