Астанада полицейлер есірткі жасырған жігітті ұстады

Астанада полицейлер есірткі жасырған жігітті ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 19:05 Сурет: polisia.kz
Астанада "Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер күдік тудырған жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғаушылар Иманбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісі маңында бір нәрсені бұтаның арасына жасырып жатқан азаматты байқап қалған. Полиция қызметкерлерін көрген ол қашуға әрекеттенгенімен, көп ұзамай қолға түсті.


"Тексеру кезінде ұсталған 23 жастағы жігіттің шалбарының қалтасынан өсімдік тектес зат салынған 27 орама табылып, тәркіленді. Сонымен қатар оның жасырмақ болған жерінен осындай тағы бір пакет алынды. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың гашиш екенін анықтады", - деп хабарлады полиция.

Белгілі болғандай, күдікті есірткі тасымалдау жұмысын интернет арқылы бір ай бұрын тапқан. Ол алдын ала дайындалған, изолентаға оралған есірткі пакеттерін жасырын орындардан алып, қалташа әдісімен таратқан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: