Алматыда саябақ маңындағы қамыстың арасынан бейтаныс адамның мәйіті табылды

Алматыда саябақ маңындағы қамыстың арасынан бейтаныс адамның мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2025 00:38 Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz редакциясына куәгерлер хабарласып, Түрксіб ауданындағы Желтоксан саябағы жанында қамыс арасынан бейтаныс адамның денесі бар көлік табылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кіші Алматы өзені құятын тоған жанындағы қамыстың арасынан Toyota Camry 25 маркалы көлік шынымен табылған.

Сурет: Zakon.kz

Бұл аумақта жол болмағандықтан, көлік ағаштардың арасымен өткен болуы мүмкін деген болжам бар.

Сурет: Zakon.kz

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар болған жайттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Zakon.kz редакциясы қалалық полиция департаментнің баспасөз қызметіне түсінік беруін сұрады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті табылғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: