Алматыдағы екі ХҚКО кезекшілік жұмыс кестесіне көшеді: нені білу керек

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 15:58 Фото: gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалдары – Жетісу ауданындағы (Серіков көшесі, 6а) және Медеу ауданындағы (Марков көшесі, 44) Халыққа қызмет көрсету орталықтары кезекшілік тәртіппен жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кезекші ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00 ден 20:00-ге дейін, ал сенбіде-9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Дәл осы уақыт режимімен, қаладағы екі кезекші мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары:

  • Саялы ш/а., Аққайнар көшесі, 1
  • Кемел ш/а., Ақсуат көшесі, 118

Мамандандырылған орталықтардың жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма:

  • Мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылдау: 09:00 18:00
  • Құжаттарды беру секторы: 09:00 20:00 (үзіліссіз)

Сенбі:

  • Өтініш қабылдау: 09:00 12:00
  • Құжаттарды беру: 09:00 13:00


"Қалған барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері: 09:00 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі - демалыс күні",- деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметі

Мұнымен қоса, мемлекеттік қызметтерді "ХҚКО" қосымшасында, электрондық үкімет порталында немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшаларында бейнеқоңырау арқылы онлайн алуға болатыны еске салынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: