Алматыда айналма жолға жүгіріп шыққан әйелді көлік қағып өлтірді

Алматыда айналма жолға жүгіріп шыққан әйелді көлік қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2025 12:09 Сурет: Zakon.kz
Қайғылы жол апаты кеше, 2025 жылғы 30 тамызда Алматыдағы шығыс айналма жолында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тілшіміздің мәліметінше, оқиға Шығыс айналма автокөлік жолы пен Төле би көшесінің жолайырығында болған.

LiXiang маркалы автокөлік айналма жолмен солтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізушінің сөзінше, Төле би көшесімен қиылысқан тұстан кейін жолға кенеттен әйел жүгіріп шыққан.

"Көлік сол жақ шеткі жолақпен келе жатқан, соққының қатты болғаны сонша, дене бітімі ірі әйел қоршаудан асып түсіп, қарсы бағыттағы жолаққа құлап түсті. Ол жақтан көліктер қарсы бағытта келе жатқан еді", - деді Zakon.kz тілшісі.

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Жол полициясы қызметкерлері, криминалист пен тергеуші жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Сонымен қатар олар марқұмның жеке басын да тексеріп жатыр. Әйелдің үстінде арнайы жилет болғандықтан, оның жол қызметінің қызметкері болуы мүмкін екені айтылып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: