Алматыда Шығыс айналма автомобиль жолындағы көлік кептелісіне жол апаты түрткі болған

Volkswagen Polo, Алматы, жол апаты, Шығыс айналма автомобиль жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 17:59 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 22 қыркүйекте түстен кейін Шығыс айналма автомобиль жолында (ШААЖ) Volkswagen Polo көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, шетелдік көлік солтүстік бағытта келе жатқан. Шоқай көшесімен қиылысатын маңда Volkswagen белгісіз себептермен күрт оңға бұрылады.

Сурет: Zakon.kz

Содан көлік бордюрден ұшып, тротуарға шығып кетеді және бар инерциясымен жарнама билборды ілінген бағанға соғылады. Осыдан кейін көлік шыр айналып, көгалға бір қырымен аударылады.

Апат салдарынан көліктің жүргізушісі зардап шекті, оқиға орнына жеткен дәрігерлер оны ауруханаға алып кетті.

Сурет: Zakon.kz

Шетелдік көлікте жолаушылар да болған. Апат кезінде жарақат алған олардың бірі жолдың сол жақ бөлігімен келе жатып, екінші жолаққа түскендерін, содан кейін қайтадан сол жақпен жүру туралы шешім қабылдағандарын айтады. Осыдан кейін жүргізуші рөлге ие бола алмаған. 

Оның үстіне, белгілі болғандай, көлік жалға алынған екен.

Сурет: Zakon.kz

Ал Шығыс айналма автомобиль жолында апат салдарынан қатты көлік кептелісі туындаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: