Алматыда түнде жарыспақ болған екі көлік жаппай жол апатына түрткі болды

Жол апаты, Алматы, әл-Фараби даңғылы, көлік жарысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2025 09:42 Сурет: Zakon.kz
4 мамырға қараған түні Алматыда әл-Фараби даңғылында жаппай жол апаты орын алды. Көліктер әл-Фараби даңғылының Шығыс айналма жолымен қиылысатын туннель алдында соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жас жігіттер тізгіндеген екі көлік – HYUNDAI Avante және Chevrolet Enix әл-Фараби бойымен шығыс бағытқа қарай құйғытып, бір-бірімен жарысқан.

Шығыс айналма жолға тақағанда шалт маневр жасау кезінде Hyundai өзімен қатар келе жатқан Toyota Mark көлігіне соқтығысқан.

Қатты соққыдан ұшып кеткен TOYOTA әл-Фараби даңғылына шығып келе жатқан Toyota LandCruiser-ге барып соғылады. Осы сәтте Hyundai өкешелеп келіп, өзімен жарысқан көлікті түйіп кетеді.

Жаппай жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктегілердің барлығы жеңіл-желпі жарақат алған. 

Жаппай жол апаты, Алматы, әл-Фараби даңғылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2025 09:42

Сурет: Zakon.kz

Жол-көлік оқиғасының мән-жайын жол полициясы қызметкерлері алда анықтайтын болады.

Бұған дейін 1 мамырда түнде Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, ер адам қаза тапқанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: