Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда екі жол апатына түрткі болған Kia жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 09:54 Сурет: Zakon.kz
Таңертең Алматыда Сейфуллин даңғылының бойында Бұлқышев көшесінің қиылысында, сондай-ақ Төретай көшесінің қилысында қатарынан орын алған екі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mazda 626 маркалы көлігі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан (Бұлқышев көшесін кесіп өтіп бара жатқанда). Осы уақытта солтүстік бағытта Kia Sorento маркалы көлігі келе жатады, бір сәтте жаяу жүргіншілер жолағына бір адам атып шығады. 


Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 09:54

Сурет: Zakon.kz


Жаяу жүргіншіні қағып кетпес үшін Kia жүргізушісі рөлді шалт бұрып, жолдың қарсы бетіне ұшып Mazda-ның бір бүйіріне бар күшімен соғылады. Соққының қатты болғаны соншалық, Mazda жолдың шетіне ұшып түседі. Ал соғылған бір бүйірі мыжылып кабинаның ішіне кіріп кеткен.


Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 09:54

Сурет: Zakon.kz


Kia жүргізушісі шалт бұрылып, жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалау үшін кері бағытта құйғытып қойған.

Куәгерлер оқиға орнына "жедел жәрдем", полиция мен ТЖ қызметкерлерін шақырған, өйткені Mazda жүргізушісі кабинада қысылып қалған. ТЖ қызметкерлері жүргізушіні кабинадан шығарып алып, қасындағы жолаушысымен бірге ауруханаға жөнелтті.


Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 09:54

Сурет: Zakon.kz


Біраз уақыттан кейін "102" пультіне оқиға орнына жақын маңда - Төретай көшесінде бір көліктің велосипедшіні қаққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлер бірінші апат болған жол, яғни асфальт бетінен сызықты байқаған, оның дөңгелегі тесілген Kia-ның дискісінің ізі екені белгілі болды. Бұл із Сейфуллин даңғылы бойымен (Бұлқышев көшесінің қиылысынан) Төретай көшесіне дейін барғанын анық байқауға болады.  


Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 09:54

Сурет: Zakon.kz


Велосипед иесінің айтуынша, ол Төретай көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан, осы кезде доңғалағы жарылып, әрең сүйретілген Kia жалбыраған темірімен велосипедшіні іліп кеткен. Содан кейін ол көліктен түсіп, екінші апат орнынан жаяу қашқан. Велосипедші  жеңіл жарақат алғандықтан ауруханаға барудан бас тартты.

Полиция қызметкерлері саусақ іздерін алып, қазір жүргізушінің жеке басын анықтау үстінде. Оғаш әрекеттеріне қарағанда ол алкоголь сусынын немесе есірткі тұтынған болуы мүмкін деген күдік бар. Алайда, бұл жағдай кінәлі табылған кезде сараптама арқылы анықталады.


Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 09:54

Сурет: Zakon.kz


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: