Жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған апатта медицина қызметкері көз жұмды

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 16:20 Фото: primeminister.kz
Алматыда 3 желтоқсан түнгі сағаттарында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала полиция департаментінің баспасөз қызметі әкімшілік полиция басқармасы кезекшісіне сілтеме жасап, апат Алатау ауданында сағат 00:40 шамасында болғанын хабарлады.

"Жедел жәрдем бригадасының жүргізушісі Саина көшесімен солтүстік бағытқа қозғалып келе жатқан кезде бұрылуға әрекет жасаған сәтте, оңтүстік бағытта келе жатқан Kia автокөлігімен соқтығысты", – делінген полиция хабарламасында.

Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары зардап шекті.

"Өкінішке қарай, жедел жәрдем көлігінің 2002 жылы туған жолаушысы алған жарақаттарынан бірнеше сағаттан соң көз жұмды. Өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу бастады", – деді полиция өкілдері.

Оқиға сәті мен салдары бейнежазбаға түсірілген. Кадрларда жедел жәрдем көлігі қатты соққыдан кейін бір жаққа ырғытылып, аударылып кеткені көрінеді. Әлеуметтік желілерде бейне сипатында қайтыс болған тұлғаның фельдшер екені айтылады.

Айта кетейік, 2025 жылғы қарашада Астанада 23 жасар фельдшер ғимараттың сыртқы қаптамасының құлауынан көз жұмған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: