Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағы уақытша жабылады

Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағы уақытша жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2025 17:31 Сурет: Zakon.kz
2025 жылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты оның жұмысы уақытша шектеледі. Бұл жөнінде әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жабылу мерзімдері мынадай:

  • 1-4 қыркүйек аралығы
  • 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін

Күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін

Аталған уақытта әуежайда ұшақтар ұшпайды және қонбайды. Ал 5-7 қыркүйек күндері ұшу-қону жолағы қалыпты режимде жұмыс істейді, рейстер бұрынғы кесте бойынша орындалады.

Әуежай өкілдері бұл жұмыстар инфрақұрылымды жоспарлы күтіп ұстау, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі мен қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Ұшу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Сол себепті рейстердің нақты уақытын авиакомпания өкілдерінен алдын ала нақтылауға кеңес беріледі", - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушылардан түсіністік танытуды сұрайды және қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: