"Келешек мектептері": Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды

"Келешек мектептері": Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2025 15:10 Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі
1 қыркүйек – Білім күні және жаңа 2025–2026 оқу жылы Ұлытау облысында айрықша қуанышпен басталды. Қала мен аудан мектептерінде алғашқы қоңырау сыңғыры естіліп, жаңа білім сапарына қадам басқан оқушыларға арналған салтанатты жиындар өтті.

Биылғы оқу жылының басты жаңалығы – "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында Жезқазған қаласының Қабанбай шағын ауданында 300 орындық жаңа №12 жалпы білім беретін мектептің пайдалануға берілуі.

Заманауи үлгіде салынған бұл білім ордасы жас ұрпақтың сапалы білім алуына кең мүмкіндік береді. Мектептің табалдырығын аттаған әрбір шәкірт үшін бұл – үлкен арманға бастайтын маңызды қадам. Жаңа оқу орны Жезқазғанның игілігіне қызмет етіп, облыстың білім беру инфрақұрылымын едәуір нығайтты.

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі

"Келешек мектебі" – бұл жаңа заманауи ғимарат, яғни кең, жарық әрі қауіпсіз, баланың дамуына қолайлы білім кеңістігі. Мұнда кәсіби ұстаздар ұжымы жас ұрпақтың дарыны мен қабілетін ашуға бағытталған заманауи әдістемелерді қолданады. Инновациялық оқу ортасы цифрлық құралдармен, зертханалармен, робототехника мен пәндік кабинеттермен жабдықталған. Әр бала түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылық тұрғыда дамуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, мектепте кітапхана, акт залы, асхана, спорт залдары, демалыс аймақтары, ойын алаңдары мен шығармашылық студиялар бар. Ең бастысы – ата-анамен серіктестік орнатылып, ашық қарым-қатынас пен әр баланың жеке дамуына бағытталған бірлескен жұмыс жүргізіледі.

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі

Жаңа оқу жылында Ұлытау облысында 4150 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Олар үшін бұл – білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы, ал ұстаздар үшін – жас ұрпақты сапалы білім мен өнегелі тәрбиеге баулудағы жаңа жауапты кезеңнің бастауы.

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі

Оқу жылы қарсаңында өңірдегі 7 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, балалардың жайлы әрі заманауи ортада білім алуына жағдай жасады.

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі

Айта кетейік, 2027 жылға дейін реновация бағдарламасы аясында облыстың жалпы 18 білім ошағы кезең-кезеңімен жаңғыртудан өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: