Адамдарды ұрлап, аттарына несие рәсімдеген: ірі қылмыстық топтың 2,7 млрд теңгеге мүлкі бұғатталды

Заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, суд, зал суда, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2025 11:34 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының прокурорлары әлеуметтік осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі көлемде банк несиелерін рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топқа (ҰҚТ) қатысты істі тергеп-тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 2 қыркүйекте өңірлік қадағалау органында хабарланғандай, бұл қылмыстық топ құрамында елдің әр аймағынан келген 25 адам болған.

"Олардың арасында – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратының қызметкері және бірқатар банктердің қызметкерлері бар. Олардың қатысуымен соңғы бес жыл ішінде алаяқтық әрекеттер жасалған. Қылмыстың құрбаны болған – 348 Қазақстан азаматы. Келтірілген залал көлемі – 3,7 млрд теңге", – делінген хабарламада.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік анықталды: Алматыдан пәтерлер мен жер учаскелері, қымбат көліктер және ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркіленген мүліктің жалпы құны – 2,7 млрд теңге.

"Топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс процесс қатысушыларына танысу үшін берілді. Іске соңғы нүктені сот қояды", – деп мәлімдеді прокуратура.

Прокуратура ескертеді: абай болыңыздар, алаяқтарға сенбеңіздер!

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: