Шымкентте моншада есірткі зертханасын ашқан ер адамға үкім шықты
Сурет: Zakon.kz
Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемде психотроптық заттарды заңсыз өндіруге әрекет жасаған тұрғынға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz
"2024 жылдың қыркүйегінде айыпталушы Telegram мессенджері арқылы бейтаныс тұлғамен сөз байласқан. Мақсаты – психотроптық заттарды өндіру және кейін сату арқылы жылдам пайда табу болған. Ол Шымкенттен үй жалдап, Алматыдан прекурсорлар мен химиялық заттар сатып алған. Үй ауласындағы моншада зертхана жабдықтап, α-PVP затының жалпы салмағы 2,6 келіден асатын мөлшерін дайындау кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны ұстады". Шымкент қаласының ауданаралық соты
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, айыпталушының кінәсі тінту хаттамалары, өзінің мойындау көрсетпелері және сараптама нәтижелерімен дәлелденді. Прокурор соттан оны бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушы кінәсін мойындап, кешірім беруді өтінген.
"Жеңілдететін мән-жайлар ескерілді: айыпталушы кінәсін мойындады, өкінді және кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отыр. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - деп хабарлады сот.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Үкім заңды күшіне енді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript