Адам саудасы: Алматыда әйелді еңбекке жегу үшін шетелге әкетпек болған
Сурет: pixabay
Алматыда әйелді құлдыққа пайдалану үшін шетелге заңсыз әкету әрекеті дер кезінде тоқтатылды. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Алматы қаласы прокуратурасының, ҰҚК қалалық департаментінің үйлестіруімен, сондай-ақ Интерпол мен Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы елшілігінің жәрдемдесуі арқасында әшкереленген.
Тергеу барысында зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы "Ханифа" есімді шетелдік әйелмен байланыста болғаны анықталды. Ол әйелге Таяу Шығыс елдерінің бірінде тиімді жұмыс ұсынған. Арбауға түскен әйел жақындарына хабар берместен өз бетімен шетелге ұшып кеткен.
Алайда Оман Сұлтандығының халықаралық әуежайына қонған бойда арнайы қызмет өкілдері оның жолын кесті. Әйел сол күні Қазақстанға қайтарылды.
Қалалық прокуратура қазақстандықтарға шетелде жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды қабылдаған кезде қырағылық танытып, ақпараттың дұрыстығын мұқият тексеруді ескертеді.
"Өйткені мұндай ұсыныстардың артында алаяқтар мен адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтар тұруы мүмкін", - деп ескертті ведомство.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript