Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті

Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 19:53 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті. Оқиға Медеу ауданында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бүгін, 17 қазанда сағат 09:45 шамасында автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Зенков көшесімен қиылысында жаяу жүргіншіні – 1950 жылы туған әйелді қағып кеткен.

Жол апатынан әйел түрлі дене жарақатын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

"Апаттың барлық мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр".Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Еске салайық, бұған дейін Алматыда аялдамада тұрған екі адамды көлік қағып кеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: