Алматыда аялдамада тұрған екі адамды көлік қағып кетті

Алматыда аялдамада тұрған екі адамды көлік қағып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 21:12 Сурет: Zakon.kz
Алматыда "Газель" көлігі аялдамаға соғылып, автобус күтіп тұрған екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілген.

"Газель" жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолаушылар тұрған бекетке барып соғылған.

Куәгерлердің айтуынша, қатты соққыдан бойжеткендердің бірі аялдаманың шыны қабырғасын жарып өтіп, бірнеше метрге ұшып кеткен.

Қазір ол қыз да, зардап шеккен екінші адам да ауруханада. Ал полицейлер жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: