Ақмола облысында түнгі аусымнан шыққан күзетші рөлде көзі ілініп, екі оқушыны қағып кеткен

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 11:25 Фото: Zakon.kz
Астана іргесіндегі Қоянды ауылында екі оқушыны көлік қағып кетті. Оқиға таңғы уақытта орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңғы алакеуімде сабаққа бара жатқан қыздарды "Ниссан" көлігі қағып өткен. Оқушылар жаяу жүргіншілер жолымен жолды қиып өтпек болыпты. Осы кезде 63 жастағы жүргізуші рөлде қалғып кеткен көрінеді. Күзетші болып жұмыс істейтін ол түнгі ауысымнан шығыпты. Оқушылардың екеуінің де басына зақым келген. КТК таратқан ақпаратқа сүйенсек, олар Астанадағы №2 көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ол жарақат бөлімшесіне жатқызылды. Екінші балаға амбулатория емі ұсынылып, ол үйіне жіберілді.

"1 желтоқсан күні көлік жүргізушісі Қоянды кентіндегі жолдың жүру бөлігінде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған екі баланы қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр".Әсем Әбдірахманова, Ақмола облысы ПД ақпарат саясаты бөлімінің инспекторы

Бұған дейін Алматы облысындағы тасжолда 11 көліктің апатқа ұшырағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: