Тоқаев: Қазіргі импортқа тәуелділік – ел үшін ұят жағдай

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 11:56 Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Президент ұлттық азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігіне ерекше назар аударды.

"Бұл әлі де күрделі мәселе болып отыр. Әрине, жүз пайыздық өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкін емес әрі, бәлкім, қажет те емес. Бірақ қазіргі нарықтағы жағдай – ұят нәрсе. Бұдан бөлек, дәстүрлі ұлттық өнімдерді шетел нарығына белсенді түрде ілгерілету керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл үшін агроөнеркәсіптік экспорт жоспарын логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар, сондай-ақ сауатты маркетингтік стратегияларды ескере отырып жаңарту қажет.

"Бұл тек Ауыл шаруашылығы министрлігінің емес, бірқатар мемлекеттік органның міндеті. Сондықтан Үкімет деңгейінде үйлестіру қажет. Үкімет еуразиялық сауданы дамытуда әділ талаптарды дәлелді түрде қорғауға міндетті, ал депутаттар заңнамалық бастамалар арқылы отандық өндірушілердің құқығын қорғауы керек", – деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстандағы Алатау қаласын ірі халықаралық компания салатынын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: