Мемлекет басшысы: "Ең өзекті міндеттің бірі – агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту"

Глобализация, глобальный бизнес, глобальная экономика, международный бизнес, международные отношения, международные связи, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 12:34 Фото: pixabay
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, қазіргі таңда ең өзекті міндеттің бірі бұл – агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту.

Сондай-ақ, ол министрлік мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеп, нақты қаржыландыру шараларын бастауы керек екенін айтты.

Басты мақсат – ішкі нарықты етпен толық қамтамасыз ету. Сонымен қатар, осы саланың экспорттық әлеуетін күшейту.

"Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзіміз жүз пайыз қамтамасыз етуіміз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ, нарықтағы қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят". Мемлекет басшысы

Бұған қоса, дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек. Сондықтан аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажет. Онда логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуге тиіс. Бұл – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органның ортақ міндеті.

Сондықтан іс-әрекеттерді Үкімет басшылығы деңгейінде үйлестіріп отыру керек.

Үкімет Еуразия аумағындағы сауда-саттықтың әділ жағдайда жасалуын нақты дәлелмен талап етуге міндетті. Ал депутаттар заңнамалық бастамалар арқылы отандық өнім өндірушілердің құқықтарын қорғауға тиіс.

Еуразия экономика одағына мүше басқа мемлекеттердің кәсіпорындарымен салыстырғанда, біздің кәсіпкерлеріміздің қажетті мөлшерде мемлекеттік қолдауға ие болмай отырғаны анықталды. Сол себепті, олар тиімсіз жағдайларға тап болып, ішкі нарықтың өзінде бәсекелестеріне есе жіберіп жатыр. Бұл жерде сүт өндірушілер туралы сөз болып отыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: