"Ақшаны қайтаруға уәде береді": Ұлттық Банк қазақстандықтарға маңызды ақпармен жүгінді

Мошенничество, мошенники, взлом данных, мошеннические схемы, заявление Нацбанка о мошенниках, заявление Национального банка РК о злоумышленниках, злоумышленники, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2025 14:43 Фото: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкі 2025 жылғы 10 қыркүйекте алаяқтықтың жаңа түріне байланысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкі жасанды интеллект (нейрожелі) технологиялары пайдаланылатын алаяқтық әрекеттер көбейгенін ескертті.

"Алаяқтар жалған видеороликтерді таратуды әдетке айналдырған. Сол мақсаттарына жету үшін Ұлттық Банк басшылығының, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органы өкілдерінің ресми видеомәлімдемелерін қолданып, қолдан дыбыстайды. Сол видеороликтер арқылы алаяқтардан зардап шеккен азаматтарға ақшаларын қайтарып, тегін көмек көрсетілетіні туралы уәде беріледі. Сондай жалған роликтер YouTube, Instagram және TikTok секілді әлеуметтік желілерде жарнама арқылы таратылып жатыр",- делінген ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, оларды жасау үшін адамның сырт келбетін, мимикасын және дауысын шынайы түрде бейнелеуге мүмкіндік беретін "дипфейк" технологиясы қолданылады.

"Мұндай материалдар жалған ақпарат тарату, қоғамдық пікірді манипуляциялау және мемлекеттік органдарға қоғам сенімін әлсірету мақсатында пайдаланылады".ҚР Ұлттық Банкі

Осыған байланысты, Ұлттық Банк азаматтарға видеоматериалдағы детальдарға мұқият болуға кеңес береді: спикердің жасанды мимикасына және бейненің бұрмалануына назар аудару қажет.

"Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексерген, күмәнді сілтемелерге өтпей, мессенджерлердегі белгісіз аккаунттарға сенбеген дұрыс". ҚР Ұлттық Банкі

Бұдан бөлек, алаяқтар азаматтардың жеке деректері мен ақшасын иемдену үшін мессенджерлерде жалған аккаунттар, сондай-ақ банктердің, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ресми сайтына ұқсас интернет-ресурстар жасайды. Сенім ұялату үшін олар ашық дереккөздерден алынған лауазымды тұлғалардың фотосуретін пайдаланады.

"Ұлттық Банк қызметкерлері аудио және видеоқоңырау шалмайтынын, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, түрлі инвестициялық пай қорлары мен қаржы өнімдеріне қаржылық салым салуды ұсынбайтынын, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу жүргізбейтінін еске саламыз",- делінген ақпаратта.

Ведомство қандай да бір алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда, құқық қорғау органдарына арыздану керек екенін ескертті.

"Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Ұлттық Банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады",- деп қорытындылады ҚР ҰБ.

Бұған дейін Алматыда пәтерді жалға беремін деп тұрғындарды алдаған интернет-алаяқ ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: