Еңбек министрлігі жалақыны "конвертпен" төлеуге қарсы күрес тәсілін ұсынды
Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 10 қыркүйекте Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жосықсыз жұмыс берушілермен күрес қалай жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, еңбек қатынастарын декларациялауды көздейтін заң жобасы дайындалған.
"Біз Қаржы министрлігі еңбек табысын декларациялауға көшкен кезде қуандық. Егер бұл толық іске асқан болса, бізге қосымша шаралар қабылдаудың қажеті болмас еді. Біз жалақы төлемеу сияқты еңбек құқығын бұзу жағдайларын ашық көре алатын едік. Бүгінде заң жобасы дайын, мемлекеттік органдарға жолданды. Онда ұйымдардың штаттық кестесін декларациялау қарастырылған", – деді Светлана Жақыпова.
Пилоттық режимде бұл жобаға 20-25 ірі ұйым қатысып, өздерінің штаттық кестелерін ашық түрде жариялаған.
"Бұл шара кәсіпорындар арасында таза табысты әділ бөлуді қамтамасыз етеді деп болжап отырмыз. Өйткені бізде еңбек өнімділігі артпай-ақ, жалақы күрт өскен жағдайлар бар. Бұл – экономиканың заңына қайшы құбылыс. Мұндай жағдайларды автоматты жүйе арқылы бақылап отырамыз. "Қызыл аймаққа" түскен кәсіпорындар жөнінде еңбек инспекторларына ақпарат жіберіліп, олар жұмыс берушілермен нақты жұмыс жүргізеді. Бұл құралдар қазірдің өзінде дайын және іс жүзінде қолданылып жатыр", – деді министр.
Сонымен қатар, инспекторлардың назарын аударатын жағдайлар – мысалы, адам инженер-механик болып жұмыс істейді, бірақ 85 мың теңге ғана жалақы алады.
"Бұл – анық көрініп тұрған көлеңкелі экономика. Яғни жұмыс беруші салық төлемеу, әлеуметтік төлемдерден жалтару үшін жалақыны "конвертпен" береді", – деп түйіндеді Светлана Жақыпова.
Бұған дейін Қазақстанда алтын бағасы әлемдік нарыққа қарағанда қарқынды өсуде екенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript