Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады: 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, ауа райы болжамы, 11 қыркүйек, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2025 17:16 Сурет: unsplash
Қазақстанда алдағы бейсенбіде, 2025 жылы 11 қыркүйекте жаңбырлы ауа райы күтіледі. Бұл туралы болжаммен "Қазгидромет" РМК-ның синоптиктері бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа-райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады... Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, батыста, солтүстікте, шығыста, ҚР орталығында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Ал республиканың бірқатар өңірлерінде мынандай қауіпті табиғи құбылыстар күтіледі:

  • өрт қаупі жоғары - Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау өңірінің батысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында;
  • төтенше өрт қаупі - Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Жетісу облыстарында, облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай өңірінің оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласында 10-12 қыркүйек аралығындағы ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: