20 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Жауын-шашын, тұрақсыз ауа райы, 20 қараша, Қазақстан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2025 18:58 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстанда 2025 жылғы 20 қараша, бейсенбіде жауын-шашын сипатында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұл болжаммен "Қазгидромет" РМК синоптиктері бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі.

"Жауын-шашын болады, негізінен жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Тек оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-батыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, республика бойынша ортақ табиғи құбылыс ретінде тұманның түсуі аталады, ал солтүстікте, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады деп болжанады.

Айта кетсек, "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, 2025 жылғы 20-22 қараша аралығында Астана мен Алматыда сынап бағаны күрт төмендейді, ал Шымкентте жылы ауа райы сақталады деп болжанады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: