НАСА қытай азаматтарына ғарыштық бағдарламаларға қатысуға тыйым салды

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (НАСА) қытай азаматтарының өз бағдарламаларына қатысуына толық тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 09:25 Сурет: pixabay
Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (НАСА) қытай азаматтарының өз бағдарламаларына қатысуына толық тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post деректеріне сәйкес, шектеу АҚШ-тың жарамды визасы бар қытайлықтарға да қатысты.

Жаңа ережелерге сәйкес, ҚХР азаматтары НАСА деректер базасына қол жеткізе алмайды, жиналыстарға қатыспайды және агенттік нысандарына кіре алмайды. Шектеулер бұған дейін виза арқылы рұқсаты болғандарға да таралады.

"НАСА қытай азаматтарына қатысты ішкі шаралар қабылдады. Оған біздің нысандарға, материалдарға және желілерге физикалық әрі киберқатынасты шектеу кіреді", – деді агенттіктің баспасөз хатшысы Бетани Стивенс.

2 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің Ғарыш күштері құрылмай тұрып, елдің ғарыш жарысында Ресей мен Қытайдан қалып қойғанын айтқан болатын.

Бұған дейін ғалымдар ең көне галактиканы тапқаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: