Алматы әкімі Мемлекет басшысының Жолдауы аясында қаланың даму басымдықтарын белгіледі

Алматы әкімі Мемлекет басшысының Жолдауы аясында қаланың даму басымдықтарын белгіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 20:12 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған міндеттердің орындалу барысын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуге қала әкімдігі мен аумақтық органдардың өкілдері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңестің және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, шығармашылық қауым және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

"Алматы – еліміздің ең ірі мегаполисі, ғылым мен білімнің орталығы. Сондықтан Президентіміздің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда, әсіресе цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті енгізуде қаламыздың рөлі айрықша", – деді Алматы әкімі.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі IT-қызмет нарығының 53 пайызы Алматының үлесінде. Оның көлемі – 4 трлн теңге. Қалада Alatau Creative HUB, Farabi Hub және еліміздегі алғашқы Almaty Digital Medical Center – цифрлық медицина орталығы жұмыс істейді.

Әкімнің сөзінше, басты міндеттердің бірі – инвестиция көлемін арттыру. 2030 жылға дейін Алматыда жалпы құны 3,6 трлн теңгеден асатын 190 жоба жүзеге асырылады, – деді қала әкімі.

Туризмді дамытуға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Негізгі жоба – Алматының тау кластері. Ол 2029 жылға қарай Орталық Азиядағы ең ірі жыл бойы жұмыс істейтін туристік орталыққа айналады. Нәтижесінде жыл сайын шамамен 1 млн шетелдік турист келіп, қала экономикасына 300 млрд теңгеден астам кіріс кіргізеді.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жолдаудағы маңызды бағыттардың бірі – экология. Бұл – бірыңғай экологиялық стандарттарды енгізу, су ресурстарын үнемдеу және оларды басқаруға арналған цифрлық платформа құру. Сонымен бірге, "Таза Қазақстан" бағдарламасы ұлттық басымдық ретінде белгіленді.

Кездесу соңында Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер – баршаға ортақ мақсат екенін атап өтті. Оларды жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық құрылымдардың, ғылыми қауым мен азаматтық сектордың бірлескен іс-қимылын талап етеді. Қаланың активімен өткен ашық диалог нақты шешімдер әзірлеуге жол ашты.

Бұған дейін Дархан Сатыбалдының Алматыдағы беделді университеттің бірін аралып көргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: