Жамбыл облысында оқушы төбелестен кейін қаза тапты
Сурет: pixabay
Желіде Жамбыл облысынан қайғылы хабар тарады. Мектеп оқушылары арасындағы әжетханада болған жанжал қайғылы аяқталған. 9-сынып оқушысы күнқағар тұсына тиген соққыдан қаза болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады және аталған дерек бойынша ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады.
Сондай-ақ күдікті жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.
"Қазіргі уақытта істі толық, объективті әрі жан-жақты тергеуге бағытталған барлық жедел-тергеу шарасы жүргізіліп жатыр", - делінген Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қосымша бөлімде ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге деректер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.
Еске салайық, бұған дейін Астанада түнгі клубта 19 жастағы жігіт қаза тапқанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript