Астанада түнгі клубта 19 жастағы жігіт қаза тапты

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 14:08 Фото: unsplash
Астанадағы түнгі клубтардың бірінде болған төбелес 19 жастағы жігіттің өлімімен аяқталды. Бұл туралы елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 2025 жылғы 7 қыркүйек, жексенбі күні болған.

Белгілі болғандай, ойын-сауық орнының келушілері арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан.

"19 жастағы жас жігіт пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі.

Zakon.kz тілшісінің сауалына жауап берген полиция департаменті күдіктінің ұсталып, Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалғанын нақтылады.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қыркүйекте Таразда жасөспірімдер арасында жанжал шығып, соның салдарынан бір мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: