Ақмола облысында КамАЗ бен кроссовер соқтығысып, 16 жастағы қыз қаза тапты

КамАЗ бен кроссовер соқтығысты: 16 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2025 16:46 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында Hyundai Santa Fe кроссовері мен КамАЗ соқтығысып, 16 жастағы қыз қаза болды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz-ке оқиғаның мән-жайын айтты.

Қайғылы жағдай 2025 жылғы 26 қыркүйекте Астана – Петропавл автожолының 289-шақырымында болған.

"Hyundai Santa Fe автокөлігінің 16 жастағы жолаушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 65 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп мәлімдеді Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Құқық қорғаушылар жол қозғалысы ережелерін сақтау маңыздылығын тағы да еске салады.

"Жылдамдық режимін сақтау өте маңызды, әсіресе, қозғалысы қарқынды учаскелерде, сондай-ақ көлік құралының техникалық жағдайын бақылап отыру қажет", - делінген Ақмола облысы полиция департаменінің хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: