Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада түнгі клуб күзетшісі мен жас жігіт арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласқан

Жаппай төбелес, Астана, түнгі клуб, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2023 20:56 Сурет: pixabay
Астанада түнгі клубтардың бірінде күзетші мен клубқа келуші арасында болған жанжал жаппай төбелеске ұласқан, деп хабалайды Zakon.kz.

Елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "102" шұғыл байланыс желісіне Қарағанды тас жолы бойында бір топ адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 17 адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тергеу түнгі клуб күзетшілері мен клуб жағалағандардың арасында болғанын анықтады. Жанжал барысында қатысушылардың бірі атыс қаруын қолданып, бірнеше рет оқ атқан.

"Тергеу іс-шаралары барысында полицейлер тегіс ұңғылы мылтықты тауып, тәркіледі. Аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі тұлғалар Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның қалған қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу нәтижелері бойынша төбелеске қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: