Атып, қашып кеткен: Астанада кикілжің соңы төбелеске ұласты

Астана, төбелес, атыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 13:45 Сурет: видеодан скриншот
Астанада 2023 жылғы 5 қыркүйекте қарызға бола туындаған жанжал төбелеске ұласып, полицияға оқ жарақаты фактісі туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz

Астана полицейлері төбелеске қатысушыларды анықтады

"Таныс адамдар қарыз үшін сөзге келіп қалып, соңы төбелеске ұласқан. 31 жастағы ер адам травматикалық тапаншадан оқ атып, жасырынған", – деп мәлімдеді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер қылмысқа қатысты негізгі тұлғаны ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын айтты.

"ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деп нақтылады ведомсвто өкілдері.

Сараптама тағайындалған.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: