Қазақстандықтар цифрлық теңгені қашан және қай жерде пайдалана алады
Сурет: Zakon.kz
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов 2025 жылғы 15 қыркүйекте Мәжіліс кулуарында цифрлық теңгенің есеп айырысуда қолдануға дайындық туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, цифрлық теңгені тарату қаржы нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.
"Цифрлық теңге", "цифрлық шот" деген ұғымдар бекітіліп, оны банктік шотқа теңестіргеннен кейін, банк құпиясы мәртебесі сақталған соң, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес өндіріп алу шараларын қолдану мүмкіндігі енгізілгеннен кейін және заңнамалық база қалыптасқан соң цифрлық теңгені есеп айырысуда қолдануға болады", - деді Шолпанқұлов.
Сондай-ақ ол жаңа валютаны нақты қай жерде пайдалануға болатынын түсіндірді.
"Бүгінде біз банк секторында, пост-терминал арқылы және мультивалюталы картаны пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасау мүмкіндігін сынақтан өткіздік. Цифрлық теңге өзінің тиімділігін көрсетті және түрлі ортада еркін қолдануға дайын. Бұл валюта қолма-қол және электрон ақшаның басты қағидаттарын біріктірді", - деп толықтырды Шолпанқұлов.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript