Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті
Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі
Форум азаматтық сектордың әлеуетін арттыруға және мемлекет, бизнес пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған өңірлік іс-шаралар сериясын жалғастырады.

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі
Форумның мақсаты – фандрайзингтің өзекті тетіктерін, соның ішінде дәстүрлі және цифрлық құралдарды талқылау, сондай-ақ ҮЕҰ-ның тұрақты дамуына ықпал ететін инновациялық тәсілдерді дамытуға арналған тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі
Бағдарлама аясында цифрлық трансформация, жасанды интеллекті фандрайзинг саласына енгізу, қаржы тартудың тұрақты үлгілері, донорлармен өзара байланыс және ҮЕҰ секторындағы креативті бастамаларды дамыту мәселелеріне арналған панельдік сессиялар мен баяндамалар өтті.

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі
Форум жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, ҚР Конституциялық Соты, "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ҮЕҰ, бизнес өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар, "Атамекен" ҰКП, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірлік әкімдіктердің өкілдері қатысты.

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі
Аталған форум азаматтық қатысу институтын нығайту және үкіметтік емес сектордың өңірлік деңгейде орнықты дамуына жаңа серпін беретін маңызды алаңға айналды.