Қазақстандықтардың деректерінің таралуы: жекеменшік меджүйелерді енді ҰҚК бақылайды
Сурет: freepik
Журналистер мемлекеттік емес мекемелердегі азаматтардың деректерінің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіліп жатқанын нақтылады. Бұл сұраққа жауап берген вице-министр барлық меншік түріне қарамастан, ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар бар екенін айтты.
"Алайда азаматтардың жеке деректері сақталатын мемлекеттік нысандар сияқты аса маңызды объектілер бар. Олар заңнама арқылы қорғалады. Ал жеке медициналық ұйымдар қолданатын ақпараттық жүйелер әлдеқайда әлсіз бақылауда", – деді Ерболат Оспанов.
Оның айтуынша, биыл Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне медициналық ақпараттық жүйелерді ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізіміне қосу туралы ұсыныс жолдаған.
"Бұл оларға да мемлекеттік жүйелермен бірдей ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қолдануға мүмкіндік береді. Бұл ұсыныс қабылданды. Қазір олар тиісті министрлік пен ҰҚК тарапынан мониторингте", – деп толықтырды ол.
Сондай-ақ, қазақстандықтардың деректерінің ірі көлемде таралуына қатысты тергеу әлі де жалғасып жатқанын вице-министр атап өтті.
Бұған дейін Түркістан облысында 13 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз беру фактісі тіркелгенін жазғанбыз.