Түркістан облысында 13 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз беру фактісі тіркелді

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 17:59 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында 13 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) заңсыз берілген. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау үшін жергілікті атқарушы органмен құрылған комиссия "атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес" деген қорытынды бергеніне қарамастан 18 отбасыға негізсіз 3,1 млн теңге төлем жүргізілген.

Ал Сарыағаш ауданының Қапланбек ауылдық округінде учаскелік комиссия хатшысы мен ауылдық округ әкімінің орынбасары комиссия мүшелерінің атынан қол қойып, 56 өтініш бойынша жалған қорытындылар рәсімдеп, соның салдарынан 9,7 млн теңге мемлекеттің қаржысы мақсатсыз жұмсалған.

Аталмыш жайт прокуратураның АӘК талдау жүргізу барысында анықталған. Қаражатты қайтару және кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, қазіргі таңда қаралу сатысында.

Бұған дейін БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті құрықталғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: